№58 балабақша
№58 балабақша
бөбекжайымызда «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиелеу мен оқыту процесіндегі заманауи инновациялық технологиялар»- тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға Маңғыстау облыстық білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу – әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері Кубигулова Акбобек Абдирамановна және қаламыздың балабақша педагогтері қатысты. Бөбекжай директоры Избасарова Райхан Аманқосқызы педагогтерді семинардың бағдарламасымен таныстырып, сәттілік тіледі. Семинарда бөбекжайымыздың жоғары санатты, №5 «Солнышко» -ортаңғы тобының тәрбиешісі Нурболатова Амангуль Нурболатовна «Веселые рыбки»- кешенді іс-әрекетін, екінші санатты №8 «Айналайын» ортаңғы тобының тәрбиешісі Заманова Гулшара Бакбергеновна кешенді іс-әрекетін және №7 «Құлыншақ» мектепалды тобының тәрбиешісі Ниязханова Райгуль Бабыкбаевна «Қазыналы шаңырақ»- тақырыбында кешенді іс-әрекетін ұйымдастырды. Сонымен қатар, бөбекжай психологы Тажигулова Акнур Кайырбаевна семинарға қатысушылармен «Зияткерлік ойындар -заман талабы» тақырыбында шеберлік –сыныбын жүргізді. Ол педагогтермен балаларды заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып, білім деңгейін байқауға. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, балалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдылығын анықтауға және ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып, сөйлеу шеберлігін дамытуға арналған бірнеше ойын түрлерін жүргізді. Бөбекжай дәлізінде «Қызықты зияткерлік ойындар» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде интеллектуалдық зияткерлік ойындардан басқа да ұлттық нақышта жасалған «Қоржынға асық жина», «Ою-өрнекті ата», «Пішіндерді тап», «Жасырынған сандар»т.б. ойындар қатысушыларға таныстырылды.
Педагогтер іс-әрекеттерінде дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны пайдалана отырып, балалардың физикалық дамуын, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, әлеуметтік, шығармашылық дағдыларын түрлі дамытушы ойындар арқылы және дәстүрден тыс сурет салу әдістерін қолданып, ойын арқылы балалардың біліктері мен дағдыларын және білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.
Семинар соңында педагогтер пікір алмасты. Қатысушы педагогтер бөбекжай директоры мен ұжымға алғыс айтып, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.
"Қауіпсіз жаз" апталығы
Бөбекжайымыздың жазғы сауықтыру жоспарына сәйкес, “Қауіпсіз жаз” апталығы “Жол ережесін білейік, аман есен жүрейік” атты ойын сауықпен қорытындыланды. Мақсаты: балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Көше қозғалысы ережелерімен, белгілерімен ..."Көңілді мәре" спорттық ойын-сауық
“Балалардың игілігі үшін” республикалық акциясын өткізу шеңберіндегі жоспарға сәйкес, бөбекжайымыздың ересек, мектепалды топ тәрбиеленушілерімен “Көңілді мәре” эстафеталық спорттық ойындар ұйымдастырылды. Дене шынықтыру мұғалімі: Е.К.Салменов ..."Көңілді мәре" спорттық ойын-сауық
“Балалардың игілігі үшін” республикалық акциясын өткізу шеңберіндегі жоспарға сәйкес, бөбекжайымыздың ересек, мектепалды топ тәрбиеленушілерімен “Көңілді мәре” эстафеталық спорттық ойындар ұйымдастырылды. Дене шынықтыру мұғалімі: Е.К.Салменов ..."Менің сүйікті қалам" челлендж
“Балалардың игілігі үшін” республикалық акциясын өткізу шеңберіндегі жоспарға сәйкес, бөбекжайымыздың ересек, мектепалды топ тәрбиеленушілерінің “Менің сүйікті қалам” челленджі. Мақсаты: туған қаласын зерделеу, қала туралы білімдерін тиянақтау, ой-өрісін, тіл байлы..."Менің сүйікті қалам" челлендж
“Балалардың игілігі үшін” республикалық акциясын өткізу шеңберіндегі жоспарға сәйкес, бөбекжайымыздың ересек, мектепалды топ тәрбиеленушілерінің “Менің сүйікті қалам” челленджі. Мақсаты: туған қаласын зерделеу, қала туралы білімдерін тиянақтау, ой-өрісін, тіл байлы...1 маусым балаларды қорғау күні
Бөбекжайымызда 1 маусым балаларды қорғау күніне орай, “Бақытты балалық шақ” тақырыбында асфальтта сурет салу ұйымдастырылды. Мақсаты: Балалардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін арттыру. Тәрбиешілер балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық ...1 маусым балаларды қорғау күні
Бөбекжайымызда 1 маусым балаларды қорғау күніне орай, “Бақытты балалық шақ” тақырыбында асфальтта сурет салу ұйымдастырылды. Мақсаты: Балалардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін арттыру. Тәрбиешілер балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық ..."Бақытты балалық шақ" асфальтта сурет салу
“Бақытты балалық шақ” республикалық мектепке дейінгі жастағы балалар арасында өткен асфальтта сурет салу байқауының қалалық кезеңіне қатысушысы, бөбекжайдың бейнелеу өнері маманы Жумагалиева Ардак Камаловна мен тәрбиеленушілері Молчанова Лиза, Султанова Мия, Сұлтан..."Бақытты балалық шақ" асфальтта сурет салу
“Бақытты балалық шақ” республикалық мектепке дейінгі жастағы балалар арасында өткен асфальтта сурет салу байқауының қалалық кезеңіне қатысушысы, бөбекжайдың бейнелеу өнері маманы Жумагалиева Ардак Камаловна мен тәрбиеленушілері Молчанова Лиза, Султанова Мия, Сұлтан..."Қарттарым-асыл қазынам" қайырымдылық акциясы
Қайырымдылық-мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі әрі адамның бойындағы асыл қасиеттерінің бірі болып табылады. Осы асыл қасиеттерді балалардың бойына сіңіріп, қарттарға мейірімділік пен қамқорлық таныту мақсатында 15 мамыр Халықаралық отбасы кү..."Қарттарым-асыл қазынам" қайырымдылық акциясы
Қайырымдылық-мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі әрі адамның бойындағы асыл қасиеттерінің бірі болып табылады. Осы асыл қасиеттерді балалардың бойына сіңіріп, қарттарға мейірімділік пен қамқорлық таныту мақсатында 15 мамыр Халықаралық отбасы кү..."Менің отбасым" сурет көрмесі
Бөбекжайымызда 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, “Менің отбасым” атты балалардың сурет көрмесі өтті. Балалар өз отбасы мүшелерін бейнелеп, сурет бойынша әңгіме айтып, өздерінің отбасы мүшелеріне сезімдерін білдірді. ..."Әкем және мен" спорттық жарыс өтті.
Бүгін бөбекжайымызда 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Жеңіс күніне орай, мектепалды топтар арасында “Әкем және мен” спорттық жарыс өтті. Мақсаты: бала тәрбиесіндегі отбасында әкенің ролінің маңыздылығын айқындау, жас ұрпақтың өз елін сүюге, салауатты өмір салты..."Әкем және мен" спорттық жарыс өтті.
Бүгін бөбекжайымызда 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Жеңіс күніне орай, мектепалды топтар арасында “Әкем және мен” спорттық жарыс өтті. Мақсаты: бала тәрбиесіндегі отбасында әкенің ролінің маңыздылығын айқындау, жас ұрпақтың өз елін сүюге, салауатты өмір салты...