№58 балабақша

Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімінің «№58 «Балауса» бөбекжайы»
жедел басқару құқындағы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны

«№58 «Балауса» балабақша»

Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде, бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы.  Бөбекжайда тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.

 Біздің «№58 Балауса балабақша» Ақтау қаласының кәрі Каспий теңізінің жағасында  орналасқан. Бұл ғимаратта қаламыздың балалары тәрбиеленеді. Бала өркендеп келе жатқан Қазақстанымыздың болашағы. Сол себепті әр балаға дұрыс тәлім-тәрбие мен білім беру біздің міндетіміз. №58 бөбекжайы  да өз мүмкіндігінше шағын аудандағы мектепке дейінгі балаларды жыл сайын қабылдап, қазіргі таңда  340 қа  жуық бүлдіршіндерді бөбекжай орнымен қамтамасыз етіп отыр. Балалар үшін барлық жағдай жасалып, олардың жан-жақты дамуына ұжым қызметкерлері аянбай еңбек етеді. Бөбекжайда  21 жоғары білімді және 10 арнаулы орта білімді тәрбиешілер жұмыс жасайды. Қазіргі таңда жоғары санатты -9 педагог, І санатты-2,  ІІ санатты-2  педагог-модератор-3, педагог-зерттеуші-1, педагог санатында -15 педагог еңбек етеді.

Бөбекжайда М.Монтессори  технологиясының әдістерін, 4К әдісі,  «Интеллектуалды дамытушы ойындар» және мнемотехника, денсаулықты сақтау сияқты озық технологиялар бағдарламаға сәйкес қарастырлып, жүйелі түрде жүргізіліп отыр.

Бөбекжайымыз -  қала,  облыс бойынша балаларға арналған қауызы (бассейн) бар бірден-бір мектепке дейінгі мекеме. Дәстүрден тыс салқын сумен шынығу, «Денсаулықты қорғау технологиясымен» ұйқыдан кейінгі шынықтыру шаралары, дене шынықтыру іс-әрекеттерінде қимыл-қозғалыс іс-әрекеттері баланы жан-жақты дамытып, дене бітімінің дұрыс жетілуіне, организмнің дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізеді. Бөбекжай  әдіскерлері «Денсаулықты қорғау технологиясы» бойынша, жыл бойына сәйкестеп ұйқыдан кейінгі шынықтыру шарасының жоспарын жасақтап, тәрбиешілердің күнделікті жұмыс жоспарына енгізді. Дене тәрбиесін жетілдіруде кешенді түрде жұмыстар жүргізілді: тиімді  күн тәртібі, тамақтану, шынықтыру (күнделікті өмірде, арнайы шынықтыру шаралары– сумен шомылу, көз және тыныс алу жаттығулары, өзін-өзі уқалау шаралары ) қимыл-қозғалыстар (ертеңгілік жаттығулар, ояну жаттығулары, жалпы дамыту жаттығулары, спорттық ойындар, бос уақыттағы іс-шаралар). Сонымен қатар майтабандықты болдырмау мақсатында: массажды кілемшелер, жалаң аяқпен жүру үшін кілемшеден жасалған соқпақ жолдар сияқты  дене шынықтыру құралдарын қарастырылды.  Жыл бойына балалар үшін жүзу қауызы, сауна, уқалау кабинеті және фитобар жұмыс жасап тұрады. Жылдық жоспарға сәйкес мәдени-сауықтыру шаралары, әр баланың жеке ерекшелігін негізге ала отырып жүргізіледі.

Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.                                                     

Мейрамдар

"Анашым менің қамқоршым" ертеңгілік

Толығырақ

"Мейірімді анашым"

Толығырақ

"Аяулы анашым" атты ертеңгілік

Толығырақ

8 наурызға арналған мерекелік ертеңгілік

Толығырақ

Толығырақ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 33 жыл!
...

Қазақстан Респуликасының Мемлекеттік Туы

Толығырақ
...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Толығырақ
...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Толығырақ