Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімінің «№58 «Балауса» бөбекжайы»
жедел басқару құқындағы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны

Кел танысайық

Бөбекжайымыздың жылдық жоспарына сәйкес 24.09.2024ж N4 “Звездочки» кіші тобында бөбекжайымыздың ішкі тәртібімен таныстыру, бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту, ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету, бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру мақсатында " Кел танысайық" тақырыбында алғашқы ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыс барысында ата-аналар балабақшаның ішкі тәртібі,күн тәртібі және т.б мәселелермен танысып, "Баланың балабақшаға бейімделуі" туралы кеңес беріліп, сұрақ-жауап алынып, сауалнама толтырылды.

Тәрбиеші: Дуйсенбаева Ж.К

#актаужолкартасы

#біртұтастәрбиебағдарламасы

#отбасыұлттыққұндылығы