Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімінің «№58 «Балауса» бөбекжайы»
жедел басқару құқындағы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімінің «№58 «Балауса» бөбекжайы»
жедел басқару құқындағы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығын басшылыққа ала отырып, төмендегі бос лауазымдарға конкурс жариялайды:
1.Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының музыкалық жетекшісі -2 (сағат саны 4,8), (тұрақты-1 және уақытша бала күтімі демалыс орнына-1).
2.Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының хореографы-1 ( сағат саны-7,2);
3. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісі -1 (сағат саны -5,25);
4. Әдіскер – 1 (сағат саны-7,2).
5. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының логопеді -1 (сағат саны -7,2);
Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды.
* Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
* жеке басын куәландыратын құжат;
* кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
* педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
* еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі ( бар болса);
* “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
* психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
* наркологиялық ұйымнан анықтама;
* Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
* 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
* тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жыл 27 тамыздан бастап 05 қыркүйекке дейін қабылданады.











Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны