Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімінің «№58 «Балауса» бөбекжайы»
жедел басқару құқындағы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімінің «№58 «Балауса» бөбекжайы»
жедел басқару құқындағы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
2025 жылдың 01 қазан күні «№58 «Балауса» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК,
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығын басшылыққа ала отырып, бос лауазымдарға жарияланған конкурстық комиссия отырысы өтті.
Конкурсқа мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиеші лауазымына 1 педагог құжат тапсырып, жетістіктерінің көрсеткіші бойынша бағалау жүйесінде аталған лауазымға Сансызбаева Дамегуль Пердебаевна тағайындалуға ұсынылды.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының музыкалық жетекшісі; хореограф; әдіскер лауазымының бос орнындарына құжат түскен жоқ.











Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны