Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімінің «№58 «Балауса» бөбекжайы»
жедел басқару құқындағы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны

Бос лауазымға конкурс

Маңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №58“Балауса”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК.
Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 15 шағын аудан 7 ғимарат.
Электронды пошта: yaslisad58@mail.ru
Байланыс номері: 8 (7292) 33-59-39, 33-53-09.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96   бірлескен бұйрығын басшылыққа ала отырып, төмендегі бос лауазымдарға конкурс жариялайды:
1.Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының музыкалық жетекшісі -2 (сағат саны 4,8), (тұрақты-1 және уақытша бала күтімі демалыс орнына-1).
2.Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының хореографы-1 ( сағат саны-7,2);
3. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісі -1 (сағат саны -5,25);
4. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының логопеді -1 (сағат саны-7,2);
5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының жүзуге үйрету нұсқаушысы – 1 (сағат саны-7,2).
6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының педагог-психологы-1(сағат саны-7,2).
1.Біліктілікке қойылатын талаптар: диплом бойынша музыкалық жетекші мамандығына сәйкес жоғары және кәсіптік педагогикалық білімі бар.
Еңбекақылары еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымындағы музыкалық жетекшінің негізгі функционалдық міндеті:
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады;
музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;
балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді;
педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;
балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;
ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: диплом бойынша хореограф мамандығына сәйкес кәсіптік педагогикалық білімі бар.
Еңбекақылары еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі.
2.Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымындағы хореографтың негізгі функционалдық міндеті:
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
Ұйымдастырылған оқу қызметтерін жүргізеді;
хореография негіздерін оқытады;
би бағдарламаларын дайындайды, репертуарлар таңдайды;
топтық және жеке дайындықтар өткізеді;
мүлтіксіз орындауды, орындаушылық шеберліктің артуын қамтамасыз етеді;
мектепке дейінгі ұйымның жұмыстарына, сахналандырылған мерекелерді, іс-шараларды дайындауға қатысады.
Би костюмдері мен аксессуарларының дизайны туралы ойластырады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: диплом бойынша психолог мамандығына сәйкес педагогикалық білімі бар, жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.
Еңбекақылары еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымындағы психологтың негізгі функционалдық міндеті:
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
баланың дамуы мен мінез-құлқындағы проблемаларды анықтайды, психикалық, эмоционалдық-коммуникативтік және тұлғалық даму деңгейі мен ерекшеліктеріне психологиялық диагностика жүргізеді, психологиялық қорытынды жасайды;
мектепке дейінгі жастағы балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, әртүрлі психологиялық (психопрофилактикалық, дамытушылық және консультациялық) көмек көрсетеді;
қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және балаларға арналған, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жеке дамыту бағдарламаларын, балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу жөніндегі бағдарламаларды жасайды, оларды жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде іске асырады;
мектепке дейінгі жастағы шығармашылықпен дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етеді;
ата-аналарға, тәрбиешілерге және педагогтарға консультациялық көмек көрсетеді;
белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: диплом бойынша тәрбиеші мамандығына сәйкес жоғары және кәсіптік педагогикалық білімі бар.
Еңбекақылары еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі.
3.Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісінің негізгі функцоналдық міндеті:
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;
режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады.
балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;
дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;
қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;
мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;
мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді;
мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;
отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;
мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Еңбекақылары еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі.
4. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымы логопедінің негізгі функцоналдық міндеті:
мектепке дейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын мектепке дейінгі ұйымның, оның ішінде арнаулы мектепке дейінгі ұйымдардың арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;
мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;
даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық даму бұзылыстарын еңсеру үшін жеке оқу, жеке-дамытушы, түзету-дамытушы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)сабақтар өткізеді;
мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;
білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;
басқа педагогтермен және мамандармен тығыз байланыста мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту және әлеуметтендіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
тәрбиешілерге, адамдардың (балалардың) ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде консультация береді;
жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және үлгілік оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлі нысандарын, білім беру технологияларын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады;
психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру бағдарламаларын (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар), түзету-дамыту бағдарламаларын (психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары, аутизм орталықтары және басқа да орталықтар) іске асыратын арнайы білім беру ұйымдарының арнаулы педагогі кемтар балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді;
ерекше білім беру қажеттіліктерін командалық бағалауды жүргізуге қатысады;
психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының, аутизм орталықтарының арнайы педагогы білім беру ұйымының жоспары мен кестесі бойынша жеке, кіші топтық және топтық сабақтар өткізеді;
жеке оқу, жеке-дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)өткізеді;
өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады;
әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
тәрбие процесі кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;
өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары;
арнайы педагогика;
оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері;
арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктер;
педагогикалық этиканың нормалары;
еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.
Еңбекақылары еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі.
5. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының дене шынықтыру (жүзу) жөніндегі нұсқаушысының функционалдық міндеті
Лауазымдық міндеттері:
балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес дене шынықтыру (жүзу) бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады;
дене тәрбиесі бойынша озық педагогикалық тәжірибені зерделеумен, жалпылаумен және таратумен айналысады, отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, авторлық әзірлемелерді зерттеу негізінде инновациялық технологияларды енгізеді;
денсаулық сақтау және денсаулық сақтау технологияларын қолдану мәселелерінде ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
дене шынықтыру-сауықтыру дамыту ортасын құруға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымымен бірлесіп, сондай-ақ ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық жұмысты, бұқаралық іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады;
ұйымдастырылған оқу қызметін, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды өткізу кезінде санитариялық-гигиеналық жағдайларды және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді;
арнайы медициналық топтың балаларымен қосымша сабақтар өткізеді;
оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары бойынша белгіленген есептіліктің құжаттамасын жүргізеді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;
дефектология негіздері және тиісті әдістемелер (дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыс кезінде);
педагогикалық этиканың нормалары;
санитария және гигиена, психология және педагогика негіздері;
еңбек заңнамасының негіздері, алғашқы медициналық көмек көрсету, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) жоғары деңгейдегі біліктілік педагог-шебер үшін мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру (жүзу) жөніндегі нұсқаушысының жалпы талаптарына сәйкес келуі тиіс;
мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен дене тәрбиесінің заманауи әдістерін қолдану;
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
2) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен дене тәрбиесінің заманауи әдістерін қолдану;
бағдарламалық материалдың мазмұны мен құрылымын білу;
инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану;
диагностика даму деңгейін және дағдыларын әртүрлі жас топтары, қатысу әдістемелік жұмыс:
білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеу;
кәсіби біліктілігін арттыру;
білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау, білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
3) "педагог – сарапшы":
"педагог-модераторға" қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
мектеп жасына дейінгі балалардың дене қабілеттерін дамыту диагностикасының элементтерін пайдалану, дене шынықтыру-сауықтыру дамыту ортасын құруға қатысу;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруда әдістемелік жұмысқа, аудан, қала деңгейіндегі іс-шараларға қатысу: педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеу;
өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;
ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану, тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби дамудың басымдықтарын анықтау:
білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің тәжірибесін жинақтау, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
оқу бағдарламаларын, оқыту әдістемелерін әзірлеу дағдылары мен дағдыларын пайдалану;
аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;
тәлімгерлікті қолдану;
көпшілік алдында сөйлеу және аудиториямен өзара әрекеттесу дағдыларына ие болу;
мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесінің қазіргі заманғы әдістемелерін қолдану;
аудан, қала деңгейінде қызмет бағыты бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы;
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын пайдалану, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде тәжірибені жинақтау;
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:
жаңа бағдарламаларды игеру бойынша эксперименттік жұмысқа қатысу; аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі әдістемелік жұмысқа белсенді қатысу; облыста, республикада тәжірибені тарату және енгізу;
авторлық бағдарламаның болуы немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-де мақұлдау алған, басып шығарылған бағдарламалардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болу;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық кәсіби конкурстарға қатысу.

Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды.
* Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
* жеке басын куәландыратын құжат;
* кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
* педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
* еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі ( бар болса);
* “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
* психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
* наркологиялық ұйымнан анықтама;
* Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
* 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
* тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жыл 10 қарашасынан бастап 18 қарашаға дейін қабылданады.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қағиданың тәртібіне сәйкес белгіленеді.

Жарияланған күні: 10-11-2025  



Бос лауазымға конкурс

iconМаңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №58“Балауса”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК. Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 15 шағын аудан 7 ғимарат. Электронды пошта: yaslisad58@mail.ru Байланыс номері: 8 (7292) 33-59-39, 33-53-09. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 2...

  

Хабарландыру!

iconМаңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №58“Балауса”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК. Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 15 шағын аудан 7 ғимарат. Электронды пошта: yaslisad58@mail.ru Байланыс номері: 8 (7292) 33-59-39, 33-53-09. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 2...

  

Хабарландыру!

iconМаңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №58“Балауса”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК. Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 15 шағын аудан 7 ғимарат. Электронды пошта: yaslisad58@mail.ru Байланыс номері: 8 (7292) 33-59-39, 33-53-09. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 2...

  
12
Мейрамдар

Тәжірибе алмасу іс-әрекеті

Толығырақ

"Күз ханшайымы-2024" байқау

Толығырақ

"Алтын күз"

Толығырақ

Ұстаздар күні

Толығырақ

30 тамыз Конституция күні

Толығырақ

Сейдалиева Сандигул Жарылгапбергеновна

Виртуалды қабылдау

Қабылдауға жазылу
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 33 жыл!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны