Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімінің «№58 «Балауса» бөбекжайы»
жедел басқару құқындағы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны

Қарттар күні

Қарттар күні бұл – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн. Қарттар күнінің маңызы – аз қамтамасыз етілген қарт адамдардың, жалғыз қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектердің мүдделеріне, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсетуге назар аудару мәселелері болып отыр.

Балалардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында 1 қазан - “Қарттар күніне” орай, №58 «Балауса» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК мекеме ұжымы мен бүлдіршіндер Ақтау қаласындағы “№2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” «Қарттар үйіне» ата-аналар мен қызметкерлердің дайындаған сыйлықтарын қарттарға табыстап, мерекелерімен құттықтауға барды. Бөбекжай директоры С.Ж.Сейдалиева қарияларды мерекемен құттықтап, оларға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға ниетін білдірді. Қариялар шараны ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдіріп, ата-әжелеріміз құттықтап келген жандарға өз батасын берді.

#біртұтастәрбие

#қарттаркүні

#отбасықұндылығы

#оқуәдістемелікорталығы