Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімінің «№58 «Балауса» бөбекжайы»
жедел басқару құқындағы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімінің «№58 «Балауса» бөбекжайы»
жедел басқару құқындағы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
бөбекжайымызда «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиелеу мен оқыту процесіндегі заманауи инновациялық технологиялар»- тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға Маңғыстау облыстық білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу – әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері Кубигулова Акбобек Абдирамановна және қаламыздың балабақша педагогтері қатысты. Бөбекжай директоры Избасарова Райхан Аманқосқызы педагогтерді семинардың бағдарламасымен таныстырып, сәттілік тіледі. Семинарда бөбекжайымыздың жоғары санатты, №5 «Солнышко» -ортаңғы тобының тәрбиешісі Нурболатова Амангуль Нурболатовна «Веселые рыбки»- кешенді іс-әрекетін, екінші санатты №8 «Айналайын» ортаңғы тобының тәрбиешісі Заманова Гулшара Бакбергеновна кешенді іс-әрекетін және №7 «Құлыншақ» мектепалды тобының тәрбиешісі Ниязханова Райгуль Бабыкбаевна «Қазыналы шаңырақ»- тақырыбында кешенді іс-әрекетін ұйымдастырды. Сонымен қатар, бөбекжай психологы Тажигулова Акнур Кайырбаевна семинарға қатысушылармен «Зияткерлік ойындар -заман талабы» тақырыбында шеберлік –сыныбын жүргізді. Ол педагогтермен балаларды заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып, білім деңгейін байқауға. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, балалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдылығын анықтауға және ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып, сөйлеу шеберлігін дамытуға арналған бірнеше ойын түрлерін жүргізді. Бөбекжай дәлізінде «Қызықты зияткерлік ойындар» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде интеллектуалдық зияткерлік ойындардан басқа да ұлттық нақышта жасалған «Қоржынға асық жина», «Ою-өрнекті ата», «Пішіндерді тап», «Жасырынған сандар»т.б. ойындар қатысушыларға таныстырылды.
Педагогтер іс-әрекеттерінде дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны пайдалана отырып, балалардың физикалық дамуын, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, әлеуметтік, шығармашылық дағдыларын түрлі дамытушы ойындар арқылы және дәстүрден тыс сурет салу әдістерін қолданып, ойын арқылы балалардың біліктері мен дағдыларын және білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.
Семинар соңында педагогтер пікір алмасты. Қатысушы педагогтер бөбекжай директоры мен ұжымға алғыс айтып, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.
"Отбасы мен балабақшаның ынтымақтастығы" ата-аналар жиналысы
"Ару қалам -Ақтауым"
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны