Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімінің «№58 «Балауса» бөбекжайы»
жедел басқару құқындағы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімінің «№58 «Балауса» бөбекжайы»
жедел басқару құқындағы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
Бөбекжайымызда ”Дамытушы ойындарды қолдану арқылы баланы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу” тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңес барысында педагогтеріміз қолданып жүрген жаңашыл әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Қазақ тілі мұғалімі А.А.Мукашева педагогтерге дамытушы ойындарды өткізуде, ұлттық тәлім-тәрбиенің әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімді жолдарымен бөлісті.
Бөбекжай педагог-психологы А.К.Тажигулова “Қызықты ойындар” тақырыбында шебер-сынып өткізді. Әдіскер С.Ж.Сейдалиева “Педагогтің кәсіби этикасы және мәдениеті” атты практикум ұйымдастырды. Ол педагогикалық этиканың маңыздылығына, принцептері мен нормаларына тоқталып, педагогтерге топтық тапсырмалар берді. Әдіскер М.М.Уразбекова бөбекжайда ұйымдастырылған “Үздік табиғат бұрышы” байқауының қорытындысымен таныстырып, мектепке дейінгі ұйымдардағы табиғат бұрыштарын ұйымдастыру жөнінде кеңестер берді. Педагогикалық кеңес қатысушылардың пікір алмасуымен жалғасын тапты.
"Отбасы мен балабақшаның ынтымақтастығы" ата-аналар жиналысы
"Ару қалам -Ақтауым"
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны