Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімінің «№58 «Балауса» бөбекжайы»
жедел басқару құқындағы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімінің «№58 «Балауса» бөбекжайы»
жедел басқару құқындағы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
Бөбекжайымызда ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай іс шаралар жоспарына сәйкес, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, қазақ қаламгерлерінің тәуелсіздік тақырыбындағы шығармашылық мұрасын насихаттау, патриоттық сезімді тәрбиелеу, азаттыққа жету жолындағы батырларымызды мақтан тұту, оларға құрмет көрсетіп, есте сақтау мақсатында педагогтерге арналған “Тәуелсіздік тірегім” тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар шара аясында “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” тақырыбында 1986 жылы желтоқсан көтерілісінің қатысушысы Айсұлу Есболовнамен кездесу өтті. Ол педагогтерге 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаны баяндап берді. Қазақ жастарының алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік беріп, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіріп, ҚР Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, бөбекжайда өткен “Қазақстанның бүгіні мен болашағы” атты педагогтерге арналған эссе жазу байқауының қорытындысы бойынша педагогтер марапатталды.
"Отбасы мен балабақшаның ынтымақтастығы" ата-аналар жиналысы
"Ару қалам -Ақтауым"
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны