Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімінің «№58 «Балауса» бөбекжайы»
жедел басқару құқындағы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімінің «№58 «Балауса» бөбекжайы»
жедел басқару құқындағы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
Бөбекжайымыздың жазғы сауықтыру жоспарына сәйкес, “Қауіпсіз жаз” апталығы “Жол ережесін білейік, аман есен жүрейік” атты ойын сауықпен қорытындыланды.
Мақсаты: балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Көше қозғалысы ережелерімен, белгілерімен таныстыру, есте сақтауға үйрету. Потрульдік полиция қызметкерлерінің жолда атқаратын қызметі туралы айтып, таныстыру.
Ойын сауыққа барлық топ бүлдіршіндері қатысты, мереке барысында балалар жол ережесіне қатысты жұмбақ, тақпақтар айтып, ойын ойнап, би биледі. Мерекеге келген Дымбілмес пен Бағдаршамға балалар жол ережелері туралы білімдерін көрсетті. Шараға Ақтау қаласы полиция басқармасының потрульдік полиция батальоны полиция лейтенанты Ерлан Өмірзақұлы қатысып, балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретіп, осындай шараларды ұйымдастырып жатырған бөбекжай қызметкерлеріне алғысын айтып, кеңес берді.
Шараның өтуіне атсалысқаны үшін полиция лейтенанты Ерлан Өмірзақұлына алғыс білдіреміз. Жол қауіпсіздігі мен тәртіпті қалыптастыру жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз.
"Отбасы мен балабақшаның ынтымақтастығы" ата-аналар жиналысы
"Ару қалам -Ақтауым"
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны