Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімінің «№58 «Балауса» бөбекжайы»
жедел басқару құқындағы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімінің «№58 «Балауса» бөбекжайы»
жедел басқару құқындағы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
бөбекжайымызда қалалық «Жетістіктер апталығы» өтті. Апталыққа Маңғыстау облыстық білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу – әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі №31 «Еркемай» бөбекжайының әдіскері Шведова Любовь Борисовна және қаламыздың балабақша педагогтері қатысты. Бөбекжай директоры Избасарова Райхан Аманқосқызы педагогтерді бағдарламамен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бөбекжайымыздың №3 «Ақжелкен» ересек тобының тәрбиешілері Балабаева М.К. мен Есболова А. «Қысқы орманға саяхат» тақырыбында кешенді іс-әрекетін, №2 «Лучики» ересек тобының тәрбиешісі Дуйсенбаева Ж.К. «В гостях у сказки» тақырыбында кешенді іс-әрекетін, №11 «Умники и умницы» мектепалды тобының тәрбиешісі Ерходжаева Г.Д. «На чем мы ездим» тақырыбында қоршаған ортамен таныстыру іс-әрекетін көрсетті.
Педагогтер іс-әрекеттерді кешенді ойын түрінде ұйымдастырып, тәрбиеленушілердің коммуникативтілік, креативтілік, сыни ойлау, ынтымақтастық және топта жұмыс істей білу дағдыларын және білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.
Қорытындысында педагогтер өткен іс-әрекеттер бойынша пікір алмасты. Қатысушы педагогтер бөбекжай директоры мен ұжымға алғыс айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
"Отбасы мен балабақшаның ынтымақтастығы" ата-аналар жиналысы
"Ару қалам -Ақтауым"
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны