Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімінің «№58 «Балауса» бөбекжайы»
жедел басқару құқындағы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны

Бос лауазымға конкурс!


Маңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №58“Балауса”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК.

Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 15 шағын аудан 7 ғимарат.

Электронды пошта: yaslisad58@mail.ru

Байланыс номері: 8 (7292) 33-59-39, 33-53-09.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96бірлескен бұйрығын басшылыққа ала отырып, төмендегі бос лауазымдарға конкурс жариялайды:

1.Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының музыкалық жетекшісі -2 (сағат саны 4,8), (тұрақты-1 және уақытша бала күтімі демалыс орнына-1).

2.Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының хореографы-1 ( сағат саны-7,2);

3. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісі -1 (сағат саны -5,25);

4. Әдіскер – 1 (сағат саны-7,2).

5. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының логопеді -1 (сағат саны -7,2);

6. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының жүзу жөніндегі нұсқаушысы-1 (сағат саны-7,2).

1. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымындағы музыкалық жетекшінің негізгі функционалдық міндеті:

Лауазымдық міндеттері:

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады;

музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;

балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді;

педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;

балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;

ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді.

15. Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

педагогикалық этиканың нормалары;

балалар репертуарындағы музыкалық шығармалар, музыкалық тәрбие әдістемесі;

еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

16. Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық немесе музыкалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;

және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі жұмыс өтілі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін - 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін – 5 жыл және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмыс өтілі педагог-шебер үшін – 5 жыл.

17. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог":

біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс: оқу бағдарламасының мазмұны мен оқыту әдістемесін білуі, жұмыс жоспарын құруы, білім беру ұйымы деңгейінде іс-шараларды жоспарлауы және ұйымдастыруы тиіс;

2) "педагог-модератор":

"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз ету;

музыкалық сабақтардың әртүрлі түрлерін кеңінен қолдану;

МДҰ-ның әдістемелік жұмысына қатысу;

педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеу;

ашық сабақтар өткізу, білім беру ұйымдарының ішіндегі іс-шараларға қатысу;

3) "педагог-сарапшы":

"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі заманауи әдістерін, мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту диагностикасының элементтерін білу;

баланың даму ортасын өзгертуге белсенді қатысу;

4) "педагог-зерттеуші":

"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістерін қолданудың өзіндік шығармашылық ізденісін жүзеге асыру, оларға балаларды музыкалық дамытудың өзіндік әдістерін үйрету;

кәсіби конкурстардың қатысушысы болу;

5) "педагог-шебер":

"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

балалардың музыкалық дамуының өзіндік әдістері бар;

республикалық және халықаралық кәсіби конкурстардың қатысушысы болу;

облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы.

Еңбекақылары еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі.

2.Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымындағы хореографтың негізгі функционалдық міндеті:

Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

Ұйымдастырылған оқу қызметтерін жүргізеді;

хореография негіздерін оқытады;

би бағдарламаларын дайындайды, репертуарлар таңдайды;

топтық және жеке дайындықтар өткізеді;

мүлтіксіз орындауды, орындаушылық шеберліктің артуын қамтамасыз етеді;

мектепке дейінгі ұйымның жұмыстарына, сахналандырылған мерекелерді, іс-шараларды дайындауға қатысады.

Би костюмдері мен аксессуарларының дизайны туралы ойластырады.

Біліктілікке қойылатын талаптар: диплом бойынша психолог мамандығына сәйкес педагогикалық білімі бар, жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.

Еңбекақылары еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымындағы психологтың негізгі функционалдық міндеті:

Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге бағытталған қызметті жүзеге асырады;

баланың дамуы мен мінез-құлқындағы проблемаларды анықтайды, психикалық, эмоционалдық-коммуникативтік және тұлғалық даму деңгейі мен ерекшеліктеріне психологиялық диагностика жүргізеді, психологиялық қорытынды жасайды;

мектепке дейінгі жастағы балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, әртүрлі психологиялық (психопрофилактикалық, дамытушылық және консультациялық) көмек көрсетеді;

қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және балаларға арналған, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жеке дамыту бағдарламаларын, балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу жөніндегі бағдарламаларды жасайды, оларды жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде іске асырады;

мектепке дейінгі жастағы шығармашылықпен дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етеді;

ата-аналарға, тәрбиешілерге және педагогтарға консультациялық көмек көрсетеді;

белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;

кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: диплом бойынша тәрбиеші мамандығына сәйкес жоғары және кәсіптік педагогикалық білімі бар.

Еңбекақылары еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі.

3.Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісінің негізгі функцоналдық міндеті

Лауазымдық міндеттері:

балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;

режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады;

балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;

дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;

қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;

мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;

мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді;

мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;

отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;

мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұны мен құрылымы;

педагогикалық этиканың нормалары;

психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, санитариялық ережелер;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар;

еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

 Біліктілікке қойылатын талаптар:

"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 3 жыл, педагог-шебер үшін - 5 жыл;

және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін - кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл.

21. Кәсіби құзыреттіліктіі айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог":

мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу;

жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру;

перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;

тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;

ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен байланысты жүзеге асыру;

әдістемелік жұмысқа қатысу;

балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуына диагностика жүргізу;

білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;

2) "педагог-модератор":

"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

балалардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу және жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;

перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;

инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану;

аудандық, әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;

өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;

білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау, білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

3) "педагог-сарапшы":

педагог-модераторға қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;

перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;

балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды диагностикалау тетігін білу;

балалардың зерттеу дағдыларын дамыту;

балалардың аудандық, қалалық байқауларға қатысуын жүзеге асыру;

әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;

өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;

ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби даму басымдықтарын айқындау: білім беру ұйымы деңгейінде, аудан/қала деңгейінде өзінің және әріптестерінің болуы, аудан/қала деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушыларының болуы;

4) "педагог-зерттеуші":

"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;

балалардың зерттеу дағдыларын дамыту;

балалардың қалалық, облыстық байқауларға қатысуын жүзеге асыру;

тәлімгерлікті қолдану;

көпшілік алдында сөз сөйлеу және аудиториямен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пайдалану;

мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін қолдану;

аудан, қала деңгейінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы;

сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын білу, тәрбиеленушілердің зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде тәжірибені жинақтау;

облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

5) "педагог-шебер":

"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

облыстық және республикалық немесе халықаралық деңгейдегі семинарларға, конкурстарға және конференцияларға қатысу;

оқу бағдарламаларын, тәрбие және оқыту әдістемелерін әзірлеу дағдылары мен дағдыларын пайдалану;

балалардың қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға қатысуын жүзеге асыру;

РОӘК-те мақұлданған, жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) немесе авторлық бағдарламасы болуы тиіс;

жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушыларын дайындау.

Еңбекақылары еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты есептеледі.

4. Әдіскердің негізгі функцоналдық міндеті:

Лауазымдық міндеттері:

білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар жасайды;

балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады;

жас топтары бойынша сабақ кестесін жасайды;

оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді;

оқу-әдістемелік құжаттамаларды, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;

инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды, зерттеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді;

топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жинақтауды ұйымдастырады;

оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды;

тәрбиешілер үшін сабақтар, мастер-кластар, семинарлар, жеке және топтық кеңестер, көрмелер, конкурстар өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады;

оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастырады, есепке алу және есеп беру құжаттамасын уақытылы рәсімдейді;

тәрбиешілердің, психологтың, логопедтің, музыкалық жетекшінің, ұйымның басқа мамандарының өзара іс-қимылын үйлестіреді;

ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;

тәрбиешілер, олардың көмекшілері лауазымдарына кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу жөнінде ұсынымдар енгізеді;

педагогтердің біліктілігін арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), аттестаттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

 Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын;

дидактика принциптері, педагогика, психология негіздері, тәрбие мен оқытудың жалпы және жеке әдістемелерін;

педагогикалық этиканың нормаларын;

еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормаларын;

әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік білімін растайтын құжат, мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - кемінде 3 жыл, ауылдық жерде - кемінде 1 жыл;

және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі болған педагог – шебер үшін мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - кемінде 5 жыл, ауылдық жерде-кемінде 3 жыл;

педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог - зерттеуші үшін тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - кемінде 5 жыл, ауылдық жерде-кемінде 3 жыл.

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог":

МДҰ әдіскеріне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы керек: үлгілік оқу жоспарының, үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білуі, балалардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлауы және ұйымдастыруы тиіс;

жылдық жоспарды әзірлеу және МДҰ-да әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;

балалардың біліктері мен дағдыларының даму сапасына мониторинг жүргізу;

білім беру ұйымы деңгейінде іс-шаралар ұйымдастыру; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

2) "педагог-модератор":

"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға жауапты болуы керек, сондай-ақ:

мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу;

жылдық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;

инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану;

әдістемелік бірлестіктердің жұмысын ұйымдастыру, семинарлар, конференциялар дайындау және өткізу;

педагогтерге инновациялық технологияларды практикада қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсету;

өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;

ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

3) "педагог-сарапшы":

"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ:

жылдық жоспар және циклограммалар жасау;

білім беру процесін ұйымдастыруды талдау;

тәрбиешілердің аудандық, қалалық кәсіби конкурстарға қатысуын қамтамасыз ету;

әдістемелік бірлестіктердің, педагогикалық кеңестердің, семинарлардың, конференциялардың жұмысын ұйымдастыру;

педагогтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

аудан/қала деңгейінде ұйым педагогтерінің жеке және тәжірибелерін қорыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

4) "педагог-зерттеуші":

"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі, сондай-ақ:

аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;

педагогтердің зерттеу құзыреттілігін дамыту;

педагогтердің қалалық, облыстық конкурстарға қатысуын қамтамасыз ету;

аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде әдістемелік жұмыс тәжірибесін ұсыну;

тәлімгерлікті қолдану;

көпшілік алдында сөйлеу және аудиториямен өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту;

мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін қолданудың шығармашылық ізденісін жүзеге асыру;

облыстық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы;

5) "педагог-шебер":

"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ:

республикалық және халықаралық деңгейдегі әдістемелік семинарлар мен конференциялар қызметіне қатысу;

оқу бағдарламаларын, оқыту, тәрбиелеу әдістемелерін әзірлеу;

тәрбиешілердің облыстық, республикалық конкурстарға қатысуын қамтамасыз ету;

тәлімгерлікті қолдану және педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын анықтау;

облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және республикалық оқу-әдістемелік кеңесте (бұдан әрі – РОӘК) мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы;

ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушысы болу.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қағиданың тәртібіне сәйкес белгіленеді.

5.Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының логопедінің негізгі функционалдық міндеті:

 Лауазымдық міндеттері:

мектепке дейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын мектепке дейінгі ұйымның, оның ішінде арнаулы мектепке дейінгі ұйымдардың арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;

мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;

даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық даму бұзылыстарын еңсеру үшін жеке оқу, жеке-дамытушы, түзету-дамытушы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)сабақтар өткізеді;

мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;

басқа педагогтермен және мамандармен тығыз байланыста мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту және әлеуметтендіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

тәрбиешілерге, адамдардың (балалардың) ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде консультация береді;

жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және үлгілік оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлі нысандарын, білім беру технологияларын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады;

психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру бағдарламаларын (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар), түзету-дамыту бағдарламаларын (психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары, аутизм орталықтары және басқа да орталықтар) іске асыратын арнайы білім беру ұйымдарының арнаулы педагогі кемтар балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді;

ерекше білім беру қажеттіліктерін командалық бағалауды жүргізуге қатысады;

психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының, аутизм орталықтарының арнайы педагогы білім беру ұйымының жоспары мен кестесі бойынша жеке, кіші топтық және топтық сабақтар өткізеді;

жеке оқу, жеке-дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)өткізеді;

өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады;

әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

тәрбие процесі кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары;

арнайы педагогика;

оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері;

арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктер;

педагогикалық этиканың нормалары;

еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.

 Біліктілікке қойылатын талаптар:

жұмыс өтіліне талап қойылмай, "Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог":

балалардың дамуы мен жағдайын диагностикалау, дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған психологиялық-педагогикалық қолдау әдістерін білу;

арнайы мектепке дейінгі білім беру саласында инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, мотивациялық, диагностикалық, дамытушылық, коммуникативтік және әдістемелік қызметті жүзеге асыру;

дефектологияның заманауи әдістерін қолдану;

білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу;

балалардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;

балалардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу, балалардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын пайдалану, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;

2) "педагог – модератор":

"педагог" біліктілігіне қойылатын

Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды.

* Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

* жеке басын куәландыратын құжат;

* кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

* педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

* еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі ( бар болса);

* “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

* психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

* наркологиялық ұйымнан анықтама;

* Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

* 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

* тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жыл 15 қазаннан бастап 23 қазанға дейін қабылданады.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қағиданың тәртібіне сәйкес белгіленеді. 

Жарияланған күні: 15-10-2025  



Конкурс қорытындысы

icon2025 жылдың 19 қыркүйек күні «№58 «Балауса» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК, Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №...

  

Бос лауазымға конкурс

iconМаңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №58“Балауса”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК. Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 15 шағын аудан 7 ғимарат. Электронды пошта: yaslisad58@mail.ru Байланыс номері: 8 (7292) 33-59-39, 33-53-09. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші ...

  

Конкурс қорытындысы

icon2025 жылдың 24  қазан күні «№58 «Балауса» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК, Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 ...

  

Бос лауазымға конкурс!

icon Маңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №58“Балауса”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК. Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 15 шағын аудан 7 ғимарат. Электронды пошта: yaslisad58@mail.ru Байланыс номері: 8 (7292) 33-59-39, 33-53-09. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші...

  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау туралы

icon№58 "Балауса" бөбекжайында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. ...

  

Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы

icon2025 жылдың 01 қазан күні «№58 «Балауса» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК, Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 ж...

  

Вакансия

iconМаңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №58“Балауса”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК. Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 15 шағын аудан 7 ғимарат. Электронды пошта: yaslisad58@mail.ru Байланыс номері: 8 (7292) 33-59-39, 33-53-09. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші б...

  

Конкурс қорытындысы

icon2025 жылдың 04 қыркүйек күні «№58 «Балауса» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК, Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № ...

  

Ваканция

iconМемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік ...

  

Бос лауазымға конкурс

iconМаңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №58“Балауса”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК. Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 15 шағын аудан 7 ғимарат. Электронды пошта: yaslisad58@mail.ru Байланыс номері: 8 (7292) 33-59-39, 33-53-09. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші б...

  

Бос лауазымға конкурс

iconМаңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №58“Балауса”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК. Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 15 шағын аудан 7 ғимарат. Электронды пошта: yaslisad58@mail.ru Байланыс номері: 8 (7292) 33-59-39, 33-53-09. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші б...

  

Бос лауазымға конкурс

iconМаңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №58“Балауса”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК. Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 15 шағын аудан 7 ғимарат. Электронды пошта: yaslisad58@mail.ru Байланыс номері: 8 (7292) 33-59-39, 33-53-09. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші б...

  

Бос лауазымға конкурс

iconМаңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №58“Балауса”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК. Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 15 шағын аудан 7 ғимарат. Электронды пошта: yaslisad58@mail.ru Байланыс номері: 8 (7292) 33-59-39, 33-53-09. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші б...

  

Бос лауазымдарға конкурс

iconМаңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №58“Балауса”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК. Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 15 шағын аудан 7 ғимарат. Электронды пошта: yaslisad58@mail.ru Байланыс номері: 8 (7292) 33-59-39, 33-53-09. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші б...

  

Ваканция

icon Маңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №58“Балауса”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК. Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 15 шағын аудан 7 ғимарат. Электронды пошта: yaslisad58@mail.ru Байланыс номері: 8 (7292) 33-59-39, 33-53-09. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы ...

  

Конкурс қорытындысы

2024 жылдың 26 қараша күні «№58 «Балауса» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына с...

  

Бос лауазымдарға конкурс

iconМаңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №58“Балауса”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК. Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 15 шағын аудан 7 ғимарат. Электронды пошта: yaslisad58@mail.ru Байланыс номері: 8 (7292) 33-59-39, 33-53-09. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 2...

  

Ваканция

iconМаңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №58“Балауса”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК. Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 15 шағын аудан 7 ғимарат. Электронды пошта: yaslisad58@mail.ru Байланыс номері: 8 (7292) 33-59-39, 33-53-09. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 2...

  

Конкурсты өткізу туралы комиссия отырысының қорытындысы

icon2024 жылдың 17 мамыр күні «№58 «Балауса» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына сә...

  

Бос лауазымға конкурс

iconМаңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №58“Балауса”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК. Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 15 шағын аудан 7 ғимарат. Электронды пошта: yaslisad58@mail.ru Байланыс номері: 8 (7292) 33-59-39, 33-53-09. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы ...

  

Конкурс қорытындысы

icon04.09.-12.09.2024жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "№58  "Балауса" бөбекжайы" ЖБҚ  МКҚК Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығын негізге ала отырып, жарияланған бос лауазымдық орында...

  

Бос лауазымға конкурс

iconМаңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №58“Балауса”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК. Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 15 шағын аудан 7 ғимарат. Электронды пошта: yaslisad58@mail.ru Байланыс номері: 8 (7292) 33-59-39, 33-53-09. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 2...

  

БОС ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС

iconМаңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №58“Балауса”бөбекжайы ЖБҚ МКҚК. Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 15 шағын аудан 7 ғимарат. Электронды пошта: yaslisad58@mail.ru Байланыс номері: 8 (7292) 33-59-39, 33-53-09. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 2...

  

Конкурс қорытындысы

icon 2024 жылдың 17 мамыр күні «№58 «Балауса» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына с...

  
12
Мейрамдар

Тәжірибе алмасу іс-әрекеті

Толығырақ

"Күз ханшайымы-2024" байқау

Толығырақ

"Алтын күз"

Толығырақ

Ұстаздар күні

Толығырақ

30 тамыз Конституция күні

Толығырақ

Сейдалиева Сандигул Жарылгапбергеновна

Виртуалды қабылдау

Қабылдауға жазылу
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 33 жыл!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны